Салем КЫЗДАР!!!
Менің күнделікті жасап жүрген ТОРТтарымның бірін сіздермен бөліскім келеді.)
Қажетті заттар :
🌸 жұмыртқа 8 шт
🌸 шекер 1 кесе
🌸 разрыхлитель 1 қасық ( шәй қасықпен)
🌸 ванелин 1 пачка
🌸 грецкий орех 200гр
КРЕМ :
🌸 торт кремі 1 пачка
🌸 сүт 1 кесе
Жасалуы :
Жұмыртқаны 5 мин копіртіп аламыз да, шекер, ванелин, разрыхлительді қосып, бәрін араластырып көпіртеміз.Үлкен боп ағарып көпіруі керек.
Толықтай көпіртіп болған соң жаңгақты ұстақтап, мол қылып саламыз.(егер жаңгақты жақсы көрсеңіз саласыз. Ұнамаса қоспауға да болады)
Ендігі ұн саламыз. Мықты сұйық та, қою да болмау керек.
Табамызды майлап, ақырын ғана табаға тестаны кұямыз.
Түсі сап-сары болғанша пісіреміз. Менің градусыммен сәйкес келмеуі мүмкін сіздердікі, қарап отырыңыздар.
200-250 с-та 25 минуттай пісіріп аламыз.
Піскен соң суығанша шамалы 10 -15 минуттай қоя тұрамыз.
Ортасын бөлеміз.
Ортасына, айналасына, бетіне толықтай дұрыстап кремімізді жағамыз.
КРЕМ : Кремді әр адам әрқалай жасайды. Мен бұл жерде торттың өзінің ақ кремін және сүтті пайдаландым.
Немесе варёная сгущёнка мен сары май қосып, миксермен араластырып крем жасаса да өте дәмді шығады.
🌸 Торттың бетін өз қалауыңызбен сәндеуге болады. Бұл жерде тек жаңғақ қана себілген.
АС БОЛСЫН!!!