🍕 ПИЦЦА 🍕 ✔ Қажетті өнімдер: ➖ Болгар бұрышы ➖ Зәйтүн ➖ Қызанақ ➖ Шұжықша (сосиска) ➖ Сыр ➖ Кетчуп ➖ Майонез ✔ Дайындау жолы: ✔ Сәйкесінше, болгар бұрышы, шұжықша, қызанақ, зәйтүндерді майдалап турап алыңыз. Егер отбасы мүшесі ішінде болгар бұрышын ұнатпайтындар табылып жатса, қоспай-ақ қоюға болады немесе зәйтүнді. ✔ Пицца қамырына келер болсақ, әдетте мен нан жабу үшін ашытылған қамырдан аламын. Яғни, кез келген ашытылған қамыр үй жағдайындағы пицца үшін жарамды болып табылады. Қамырды 1 см көлемінде жайып алыңыз да қыздырылған формаға салыңыз. Сәйкесінше асты жабыспайды, жабысады-ау деген күдік ұяласа майлауыңызға болады. ✔ Қамыр бетіне ең алдымен кетчуп жағыңыз. Ал одан кейін қалауыңыз бойынша кез келген өнімді орналастырып шығуыңызға болады. Тек майонезден кейін сырды үккіштен өткізіп, себіңіз. Мен кетчуптен кейін шұжықша, болгар бұрышы, қызанақ, майонез, сыр, зәйтүн салдым. Мұнан кейін, пиццаны 180/200 градустағы пешке 30-40 минут шамасында пісіріп аласыз. Дайын болған пицца. ✔ Құпиясы! Егер аталмыш көкөністердің орналасу ретін өзгертетін болсаңыз пицца көрінісі өзгерумен қатар дәмімен де ерекшеленер еді. Мысалы, мен екінші пиццаны пісіру барысында қамыр үстінен кетчуп, сосиска, майонез сыр, қызанақ, зәйтүн, болгар бұрышын салдым. Жоғарыдағы пиццамен өнімдері бір болғанымен, дәмі өзгешелікке ұшырады. 😋 Астарыңыз дәмді болсын! 😋

Теги других блогов: кулинария пицца рецепт